Ақтөбе облысында полиция мал ұрлығының жолын кесті
© Фото: Zakon.kz
Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері локальды түнгі рейдтік жұмыстар барысында далалықта тіркемесі бар жол талғамайтын көлікті байқаған.
Автокөліктің жарық шамдарын жақпай қозғалып бара жатқаны полицейлерде күдік тудырып, олар автокөлікті дереу тоқтатпақ болған.
Алайда, жол талғамайтын көлік жүргізушісі полицияның заңды талаптарына бағынбай, қашуға тырысқан. Күдіктілердің Ізіне түсу барысында олар ұсталды. Екі ер адам да Ырғыз ауданының ауыл тұрғындары болып шықты. Тексеру барысында автокөліктің тіркемесіне 1 бас бие мен 1 бас құлынның тиелгені анықталды.
Анықтау барысында полиция құлынды биенің Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылының тұрғынына тиесілі екенін тапты. Күдіктілер оларды еркін жайылымнан жасырын ұрлағанын мойындады. Олар жануарларды сойып, сатпақ болған.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту жұмыстары барысында киік мүйіздері, жылқының басы мен терілері, 2 дана тегіс ұңғылы мылтық, бірнеше патрондар табылып, тәркіленді. Ұсталған ер адамдардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Үй жануарлары иесіне қайтарылды. Мал ұрлығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы да анықталуда. Полиция мал иелерін үй жануарларын қараусыз жібермеуге, қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады. Қараусыз мал – жол-көлік оқиғаларына себепшісі немесе ұрлық нысаны болуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:19, 7 сәуір 2026
Қазақстанда жыл соңына дейін 10 көмір кен орны бойынша аукцион өткізіледі
-
16:02, 7 сәуір 2026
Қазақстанда көмірді бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе енгізіледі
-
15:57, 7 сәуір 2026
7 сәуірдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы 460 теңгеге дейін төмендеді
-
15:43, 7 сәуір 2026
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері өзгерді
-
15:24, 7 сәуір 2026
Жаңбыр, найзағай және қар: 8–10 сәуірге арналған ауа райы болжамы





