Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салынады

14:21, 7 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмірді қайта өңдеу саласын дамыту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, көмір өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттарының бірі – көмір химиясын дамыту.

"Қазіргі уақытта көмір химиясы саласында үш жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның бірі – Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыт құрылысы. Жобаның құны – 132 млн доллар. Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін екі жоба жоспарланған. Әрқайсысының қуаты – жылына 100 мың тонна. Жобалардың құны тиісінше 63 млн және 65 млн долларды құрайды. Бұл жобалар 1160 және 1250 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", – деді министр.

Оның сөзінше, бұдан бөлек тағы үш жоба пысықталу кезеңінде:

  • Қарағанды облысында кокс-химия өндірісі (таскөмір шайырын жылына 200 мың тоннаға дейін өңдеу, бензол өндіру – жылына 35 мың тоннаға дейін, кокстық газды тазарту – сағатына 145 мың м³, ағын суларды биохимиялық тазарту – сағатына 250 м³);
  • Абай облысында жылына 300 мың тонна аммиак және 300 мың тонна карбамид өндіру;
  • көмірден жылына 2 млрд м³ газ өндіру жобасы (орналасатын жері нақтылануда).

Бұған дейін Қазақстанда көмір мен темір рудасын өндіру көлемін арттыру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!