Жаңбыр, найзағай, тұман - синоптиктер 7 сәуірде болатын қолайсыз ауа райы туралы ескертті

18:09, 6 сәуір 2026

© Фото: pixabay

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 7 сәуірде қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтілетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның батысында ғана антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, оңтүстіктің таулы аймақтарында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сондай-ақ, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстігінде бұршақ жаууы, дауыл күтіледі.

"Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, тау бөктерінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі".

Бұған дейін алдағы үш күнге – 7, 8, 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!