Қазақстанда қандай көлік түрлері жиі жалға беріледі
© Сурет: unsplash
2023 жылдың 7 желтоқсанында Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қандай көліктер жиі жалға берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында көлікті жалға беру саласында көрсетілген қызметтердің көлемі өскенін көрсетті.
"Көлік түрлерінің ішінде жалға беру қызметінің ең үлкен көлемі жүк көліктеріне тиесілі. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша жүк көліктерін жалға беру көлемі 73,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 47,7%-ға артық", - делінген хабарламада.
Жүк көлігінен кейін жеңіл көліктер, құрылыс және ауыл шаруашылығы көліктері болды:
- жеңіл автокөліктерді жалға беру көлемі 69,8 млрд теңгеге жетті (+11,2%);
- құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға беру көлемі 42,7 млрд теңгені (+22%) құрады;
- ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға алу көлемі – 2 млрд теңге (+69,5%).
2023 жылдың 10 қарашасында Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға қанша электромобиль баж салығы мен салық төлемей әкелінгенін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 4 сәуір 2026
Алматыда адамдарға шабуылдаған шетелдік жасөспірімдерге қатысты сот үкімі шықты
-
17:53, 4 сәуір 2026
«Жаңбыр жауып, бұршақ түседі». Жексенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:00, 4 сәуір 2026
Ағайынды Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар үстел теннисінен Аустрия кубогында жүлделі болды
-
16:53, 4 сәуір 2026
Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті
-
16:47, 4 сәуір 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 5-7 сәуірге арналған ауа райы болжамы





