Қазақстанда қайтадан қар жауып, үсік жүреді
© Сурет: magnific.com
2026 жылғы 14 мамыр, бейсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын "Қазгидромет" РМК мамандары ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашынсыз ауа райы тек республиканың оңтүстігінде сақталады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады. Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Абай облысының батысында, Жетісу облысының таулы аудандарында -1-3°С үсік күтіледі", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі болжанып отыр:
- Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Жамбыл облысының батысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, шығысында және оңтүстігінде, Абай облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады;
- Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 12 маусым 2026
Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі
-
11:42, 12 маусым 2026
Кейбір шешімдерді орындау кезінде ЖСО шығындарын бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді
-
11:25, 12 маусым 2026
12 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:03, 12 маусым 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: жәбірленушілер Черновтар отбасының адвокаттарының тегін көмегінен бас тартты
-
10:49, 12 маусым 2026
“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды





