Иран АҚШ-тан санкциялар мен әскери әрекеттер үшін өтемақы талап етті
© Сурет: magnific
Иран үкіметі АҚШ-қа қарсы Иран-АҚШ арбитраждық трибуналы сотына талап-арыз түсірді. Тегеран Вашингтонды "Иранның ядролық нысандарына әскери агрессия жасады", "экономикалық санкциялар енгізді" және "күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетті" деп айыптап отыр, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Iranpress басылымының жазуынша, шағым 1981 жылғы Алжир келісімдері аясындағы ережелерге сәйкес тіркелген. Іс 2026 жылдың наурыз айында Иранға қарсы болған 12 күндік соғыс кезінде АҚШ халықаралық міндеттемелерді бұзды деген айыпқа байланысты қозғалған.
№A-34 ісі ретінде тіркелген талап-арызда Иран Алжир келісімдерінің 1-тармағына сүйенеді. Құжатта АҚШ тарапынан жасалды делінген бірқатар әрекеттер аталған. Олардың қатарында 12 күндік әскери қақтығыс, экономикалық санкциялар және күш қолдану қаупі бар.
Иран арбитраждық трибуналдан:
- АҚШ-ты Алжир келісімдерінің 1-тармағын бұзғаны үшін жауапты деп тануды;
- АҚШ-ты Иранның ішкі істеріне тікелей немесе жанама араласуын дереу тоқтатуға міндеттеуді;
- мұндай заңсыз әрекеттердің қайталанбауына кепілдік беруді талап етуді;
- келтірілген шығын үшін толық көлемде өтемақы төлеуді міндеттеуді сұрады.
Алжир келісімдерінің 1-тармағына сәйкес, АҚШ Иранның ішкі істеріне тікелей не жанама түрде, саяси немесе әскери жолмен араласпауға міндеттеме алған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:12, 13 мамыр 2026
Хантавирус: ДДСҰ басшысы әлемдегі қазіргі жағдай туралы мәлімдеді
-
10:54, 12 мамыр 2026
Қолтырауын әйелге шабуыл жасап, оны су түбіне сүйреп алып кетті
-
14:51, 11 мамыр 2026
Майами маңында ірі орман өрті таралып жатыр
-
11:22, 11 мамыр 2026
Ыстамбұл әуежайында дауыс зорайтқыш арқылы хабарландыру тоқтатылады
-
09:41, 11 мамыр 2026
Хантавирус ошағы анықталған лайнердегі ондаған жолаушы елдеріне эвакуацияланды





