Алматыда жол апаты болып, көлік көше шамын талқандады

10:47, 13 мамыр 2026

© Сурет: Zakon.kz

13 мамырға қараған түні "Алматы Арена" маңында Chevrolet Cobalt пен Kia Sportage көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі көлік те Бауыржан Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Мұз сарайына жетпей Chevrolet Cobalt жүргізушісі күтпеген жерден жолақ ауыстырмақ болған. Сол сәтте ол алда келе жатқан Kia Sportage көлігінің артқы дөңгелегіне соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан кейін Chevrolet Cobalt жанға қарай ұшып кеткен. Көлік бордюрге соғылып, бір қырына аударылған. Артынша оның төбесі көше жарығының бағанына тіреліп тоқтаған. Дәл сол баған көліктің жолдан шығып кетуіне жол бермеген.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан тек Chevrolet Cobalt жүргізушісі зардап шекті. Оқиға орнына келген дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, жүргізуші ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Бұған дейін Таразда көлік тізгіндеген 16 жасар жүргізуші патрульден қашпақ болып, жол апатына ұшырағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!