Қазақстанда игерілмей бос жатқан қанша гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды - АШМ жауабы

17:32, 27 қаңтар 2025

© Сурет: pexels

АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ-да 2025 жылдың 27 қаңтарында өткен брифинг барысында Қазақстанда қанша жер мақсатына сай пайдаланылмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, үш жыл ішінде игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

"9,4 млн гектар жерге 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 6,3 млн гектер алаңдағы бұзушылықтарды жоюға 3 482 ұйғарым берілді, нәтижесінде мемлекеттік қорға 12,1 млн гектар жер қайтарылды, оның ішінде 2022 жылы – 5,4 млн га, 2023 жылы – 4,6 млн га және 2024 жылы – 2,1 млн га", – деді Мұрат Теміржанов.

Қайтарылған 4,9 млн гектар жергілікті органдарға халықтың мұқтажы үшін берілді, оның ішінде 1,9 млн гектар жайылымға бөлінді және 3 млн гектар жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілді.

"Бұл шаралар жайылым тапшылығы жағдайын жақсартуға және бұрын пайдаланылмаған жерлерді айналымға тартуға мүмкіндік берді. Осылайша, 2022 жылдан бастап жер игерушілер 3,7 млн гектар жерде жұмыс істей бастады, бұл өнім өндіру көлеміне оң әсер етеді", – деп атап өтті Мұрат Теміржанов.

2024 жылғы 3 қыркүйекте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айта келе, оның негізгі функциялары жерді ұтымды пайдалануға және қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта бөлуге бақылауды күшейту болып табылатынын айтқан еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!