Мемлекет басшысы Қазақстанда екінші атом электр станциясының құрылысын қолдады

13:35, 28 қаңтар 2025

© Фото: pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтардағы үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент энергия тапшылығының өсіп жатқанын ескере отырып, бірінші атом электр стансасының құрылысын жеделдетіп, тұтастай алғанда елімізде ядролық кластер құруға кірісу қажеттігін атап өтті.

"Энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы Атом электр стансасының құрылысын тездету қажет. Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет." Президент

Үкіметке "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырдым, деді мемлекет басшысы.

"Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансаларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет. Үкімет пен Парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде маған ұсыныс беруі керек. Бірақ атап өткім келеді: елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды." Қасым-Жомарт Тоқаев

Қуат дегеніміз – бүкіл экономиканың дамуы деген сөз. Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық, деп қадап айтты мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!