Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуі тиіс – Президент
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 28 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуі.
"Көмек шын мұқтаж адамдарға берілуге тиіс екені қаншама рет айтылды. Қазақстан – шын мәнінде әлеуметтік мемлекет. Бірақ бұл – азаматтарымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың еңбек етуге ынтасын азайтып, оларды масылдыққа үйрету деген сөз емес." Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстанға көрші елдерден жүз мыңдаған еңбек мигранты жұмыс іздеп келіп жатыр. Олардың бұл әрекетін құрметке лайық деуге болады. Себебі олар отбасына нәпақа табу үшін жұмыс істегісі келеді, дейді президент.
"Үкімет әлеуметтік көмек мәселесіне келгенде тым сақтық танытуда. Десек те, нақты ұсыныстар мен оны шешу жолдарын қарау қажет." Президент
Тағы бір маңызды міндет – тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау. Қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру қажет. Бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу керек.
Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн. шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн"
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:24, 30 қаңтар 2025
Ақтаудағы шенеуніктер картоп бағасын бақылауда ұстауда
-
10:17, 30 қаңтар 2025
Сирияда уақытша президент тағайындалды
-
10:04, 30 қаңтар 2025
Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 27 миллиард долларға құрдымға кетті
-
09:50, 30 қаңтар 2025
Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болды
-
09:42, 30 қаңтар 2025
Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды