Ұлының қарызға батқанын білген әке өмірімен қош айтысты
© Сурет: pixabay
Бакудің Хазар ауданында (Әзірбайжан) суицид орын алды. 26 қаңтар күні Тюркян кентінің тұрғыны, 63 жастағы Намиг Гусейн оглу Абдулов үйінің алдына асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az дерегінше, ер адам ұлының қарызға белшесінен батқанын біліп, өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұмның ұлы әкесі жұмыс істейтін дүкенге 9 мың манат (2 млн 735 мың 394 теңге) мөлшерінде қарыз болған. Дүкен иесі жігіттен 3 мың манат (911 мың 798 теңге) қаражатты өндіріп алған. Алайда, ол қалған 6 мың манаттың орнына, одан ай сайынғы төлемдер түрінде 9 мың манат өтеуді талап еткен.
Осылайша, ұлының қарызға батқанына ренжіген әке, ақыр аяғы өзіне қол салған.
Бұған дейін ақмолалық мұғалімнің алаяқтардың арбауына түсіп, 2,6 млн теңгеге несие рәсімдегені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:31, 29 қаңтар 2025
Каспий теңізінің үстінде Дубай-Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы апаттық белгі берді
-
11:51, 29 қаңтар 2025
Оңтүстік Кореяда әуежай аумағында жолаушылар ұшағы жанып кетті
-
11:25, 29 қаңтар 2025
Ташкент – Нью-Йорк бағытындағы ұшақта сәби дүниеге келді
-
11:08, 29 қаңтар 2025
Аляскіде жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
-
10:37, 29 қаңтар 2025
Түркияда 78 адамның өмірін жалмаған қонақ үйдегі өрттің шығу себебі белгілі болды