«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
© Сурет: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Қазақстандық актриса және тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарына қаражат жағынан қиналып жүргенін және денсаулығына қатысты проблемалар барын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы 28 қаңтарда Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Сот процесі әбден есеңгіретіп жіберді. 2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өттіп келемін. Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым. Былтыр көп жайттар анықтала бастады", - деп жазды актриса.
Ол шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұраған, үйін қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгінгенін еске салды.
"Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады. Мемлекеттік құқық қорғау органдары арызымды қарап, іс сотқа жеткенше, Дилярамен сан рет кездестік. Кездесу барысында ұяты оянып, үйімді қайтарып береді деп үміттендім. Бірақ, олай болмады. Қайта жолдасы екеуі сотта жеңіліс табатынымды ескертіп, қысым көрсетті. Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бірақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керектігін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан әпкемді шақыртып, ауруханаға жаттым", - деп жазды әнші Қайрат Нұртастың әйелі.
Оның айтуынша, барлық түсірілім мен жоба толық тоқтаған.
"Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтың басы ғана екен… Дәл қазір осының бәрін есіме түсіріп, жазып отырғанымның өзі өте ауыр", - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:04, 30 қаңтар 2025
Әлемнің ең бай адамдары бір күнде 27 миллиард долларға құрдымға кетті
-
09:50, 30 қаңтар 2025
Алматы метрополитенінде уақытша қоршаулар неге орнатылғаны белгілі болды
-
09:42, 30 қаңтар 2025
Егістікке химиялық заттарды қолдану 70% қысқарды
-
09:31, 30 қаңтар 2025
Американдық әйел 12 жасар қызын өлтіру үшін үйін қасақана өртеп жіберген
-
09:24, 30 қаңтар 2025
БҚО-да мемлекеттік қызметші алған сыйлығын ел қазынасына табыстады