Қостанай облысында өрт кезінде бес баласынан айырылған анаға қатысты сот үкімі шықты

20:34, 15 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай облысында өрт кезінде бес баласынан айырылған әйелдің ісі сотта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігіне сәйкес, абайсызда бес баланың өліміне әкеліп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу айыбы бойынша қаралы анаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта сотталушы балаларын қараусыз қалдырып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырғаны анықталды. Ұлы пешке отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды, сондай-ақ сол маңда жанында жатқан белгісіз сұйықтығы бар пластикалық бөтелкені пешке салады. Салдарынан пештегі от өртке ұласқан. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі (аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) сотталушының асырауында жас баласы болына орай бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, істеген ісіне өкініп, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

"Жазаны жеңілдететін жағдай - бұл шын жүректен өкінуі және жас баласының болуы, ауырлататын жайт анықталмаған. Осыған байланысты сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындауды кейінге қалдырды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылы 11 қазанда Қостанай облысының Жітіқара қаласында өрт пен үйдің шатырының опырылуы салдарынан қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Ал анасы балаларды қараусыз қалдырып, құрбысының үйіне кеткені белгілі болды. Марқұм балалардың әкесі түрмеде отыр. Өрт кезінде үйде алты бала болған, үлкені аман қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!