Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы неге әлі іске қосылмады
© Фото: unsplash
"Жасыл даму" АҚ өкілі Дархан Даутов 2026 жылғы 6 қарашада ОКҚ-де өткен брифингте Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасын қайта іске қосуға не кедергі екенін және оның бұрынғы жүзеге асырылуы кезінде қандай заңбұзушылықтар анықталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстанда ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы қашан қайта іске қосылатынын және жеңілдік сертификаттарының сомасы неге соншалықты аз екенін сұрады. Олардың айтуынша, берілетін қаражат сапалы мопед сатып алуға да жетпейді.
"2022 жылдың басынан бастап "Жасыл даму" АҚ ӨКМ операторы болып белгіленді. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру қызметтерін жалғыз мердігер – "Recycle Company" ЖШС жүзеге асырды. Алайда 2022 жылдың басында серіктестіктің бұрынғы жекелеген қызметкерлеріне қатысты көлік құралдарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді ұйымдастыру қызметтерінің тарифтері негізділігіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жауап берді спикер.
Дархан Даутовтың айтуынша, сотта істі қарау нәтижесінде айыптау үкімі шығарылып, ол заңды күшіне енген.
"Қылмыстық істер аясында бір көлік құралын жалған құжаттарды қоса тіркеп, әртүрлі көлік ретінде бірнеше рет тапсырған деректер анықталды. Сондай-ақ делдалдардың әрекетіне қатысты мәселелер болды. Мәселен, бір жеке тұлға 1700-ден астам көлік құралын тапсырған", – деді ол.
Оның сөзінше, қазір бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, делдалдық және сыбайлас жемқорлық схемаларына жол бермейтін бағдарламаны жүзеге асырудың жаңа тетіктері әзірленуде.
"Негізгі ұстаным – бағдарламадан тікелей пайда көретіндер көлік құралдарын кәдеге жаратуға тапсыратын азаматтар, яғни жеке тұлғалар болуы керек. Қазір қағидалар бар, бірақ біз оларды жетілдіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Мақсатымыз – сыбайлас жемқорлыққа жол беретін барлық тетікті жою", – деп түсіндірді Даутов.
Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру көлемін 185 млрд теңгеден 385 млрд теңгеге дейін ұлғайтып, қолдау бағдарламасын 2030 жылға дейін ұзарту жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:44, 6 қараша 2026
Ақтөбеде бір апта ішінде екінші әйел өлтірілді: марқұмның бұрынғы күйеуі ұсталды
-
16:36, 6 қараша 2026
6 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар тағы 4 теңгеге арзандады
-
16:32, 6 қараша 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі қоқыс жағатын зауыттардың қалдықтары қалай бақыланады
-
16:19, 6 қараша 2026
Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат кеңес мүшелерінің серіктесі атанады
-
16:05, 6 қараша 2026
Алматыда әйелді аңдып, қорқытқан ер адам ұсталды





