Қазақстанда доллар бағамы күрт төмендеді

16:06, 9 қаңтар 2025

© Фото: pixabay

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,39 теңгеге төмендеп, 524,75 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 71,41 теңгеге (-0,47) түсті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 526,70-529,87 теңге, еуро 541,23-547,07 теңге, рубль 5,06-5,17 теңге аралығында сатылуда.

9 қаңтардағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендей бастады. Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,13%-ға арзандап, барреліне 76,06 долларды құрады. Американың West Texas Intermediate (WTI) мұнайы 0,18%-ға төмендеп, барреліне 73,19 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 527,23 теңге, еуроны 544,05 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!