Қазақстанда бірнеше шетелдік банк ашылуы мүмкін

16:41, 29 наурыз 2024

© Сурет: pixabay

Елімізде шетелдік банктер көбеюі мүмкін. Қазір Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия елдерінің қаржы ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов Сенат қабырғасында мәлімдеді.

Агенттік инвесторлар үшін Қазақстан нарығына кіру талаптарын барынша жеңілдетпек, деп жазады qazaqstan.tv.

Шетелдік банктердің көбеюінен салада бәсекелестік артып, базалық мөлшерлеме төмендейді деген болжам бар.

"Қазақстандық нарыққа кіруге қызығушылық танытып жатқандар бар. Мұны іске асыру үшін банк секторындағы кейбір кедергіні алып тастап, заңға бірқатар өзгеріс енгізу керек. Олар Қазақстан бекіткен базалық ставка бойынша жұмыс істейді. Себебі, несие теңгемен беріледі. Жалпы отандық бизнесті қаржыландыру үшін қосымша қаржы көзі артық етпейді." Нұрлан Әбдірахманов, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!