Қазақстанда бірқатар білім беру бағдарламалары қысқартылуы мүмкін – Ғылым және жоғары білім министрлігі
© Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова 2026 жылғы 16 сәуірде Мәжіліс кулуарында бірқатар білім беру бағдарламаларын қысқарту жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл бағытта ауқымды талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бастапқыда кәсіпорындар арасында сауалнама жүргіздік, оған 73 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Онда алдағы кезеңге арналған кадрлық құрамға талдау жасалды: қызметкерлердің жас ерекшелігі, зейнеталды және зейнет жасындағы мамандардың үлесі қарастырылды. Осы талдаудың нәтижесіне және қажеттілікке сүйене отырып, бізге қандай мамандар қажет екенін анықтау жұмысы жүргізілуде", – деді вице-министр.
Талдау нәтижесінде 700-ден астам білім беру бағдарламасын қайта қарау қажеттілігі анықталған.
"Яғни кейбір бағдарламалар жабылады, кейбірі жетілдіріледі немесе трансформацияланады. Бұл барлық бағыттарға қатысты. Мысалы, педагогикалық бағыттың өзі 21 топтан тұрады. Сол топтардың ішінде нақты білім беру бағдарламалары бар. Сөз қазіргі таңда өзектілігін жоғалтқан немесе заманауи талаптарға сай келмейтін бағдарламалар туралы болып отыр", – деді Гүлзат Көбенова.
Айта кетейік, бұған дейін вице-министр мектеп түлектеріне арналған мемлекеттік гранттардың жеткіліктілігі мәселесіне де пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 16 сәуір 2026
Екібастұзда дәрігер мен медбике соққыға жығылды: Күдіктілер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
-
13:09, 16 сәуір 2026
Бас прокуратура дабыл қақты: алаяқтар Қазақстандағы iPhone пайдаланушыларына жетті
-
12:55, 16 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
-
12:40, 16 сәуір 2026
Сенат Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады
-
12:22, 16 сәуір 2026
Банктік шоттарды ашу және бұғаттау тәртібіне өзгерістер енгізілді





