Банктік шоттарды ашу және бұғаттау тәртібіне өзгерістер енгізілді
© Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен төлемдер мен ақша аударымдары мәселелеріне қатысты бірқатар нормативтік актілерге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидалары жаңа тармақпен толықтырылды. Енді банктер қашықтан қызмет көрсету арқылы клиентпен іскерлік қатынас орнатқан жағдайда банктік шот ашу кезінде клиенттің биометриялық аутентификациясын Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығы (СДАО) арқылы жүзеге асырады. Бұл орталықтың қызметі "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңмен реттеледі.
Биометриялық аутентификацияны жүргізу тәртібі мен нәтижелерін сақтау мерзімі банктер мен тиісті қаржы ұйымдарының электрондық банктік қызмет көрсету қағидаларымен айқындалады.
Сонымен қатар, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе шоттағы қаражатқа тыйым салу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 740-бабы, Қылмыстық-процестік кодекстің 161-бабы, Әкімшілік және салық заңнамалары, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң және өзге де тиісті нормативтік актілерге сәйкес уәкілетті органдардың шешімі негізінде жүзеге асырылатыны нақтыланды.
Сондай-ақ қолма-қол емес төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына да өзгерістер енгізілді. Енді банктер банк аралық мобильді төлемдер жүйесі арқылы операциялар жүргізу кезінде штрих-код, биометриялық аутентификация және өзге де сәйкестендіру құралдарын қолданғанда заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Бұдан бөлек, банк шоттарындағы қаражатқа тыйым салу, уақытша шектеу қою және шығыс операцияларын тоқтату тәртібі нақтылап жазылды. Бұл шаралар тек уәкілетті мемлекеттік органдар мен сот орындаушыларының заңды шешімдері негізінде жүргізіледі.
Егер сот орындаушысы немесе уәкілетті орган банкке шоттар туралы ақпарат беру немесе мүлікке тыйым салу туралы қаулы жолдаса, банк оны алған күннен бастап үш операциялық күн ішінде орындау нәтижесі туралы хабарлауға міндетті.
Қаулы 2026 жылғы 26 сәуірден бастап күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 18 сәуір 2026
Полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстады
-
13:05, 18 сәуір 2026
Қазақстандық үшінші ұлттық бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттануға дайын
-
12:39, 18 сәуір 2026
Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті
-
12:11, 18 сәуір 2026
18 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:45, 18 сәуір 2026
Қазақстанда алаяқтықтың 18 жаңа тәсілі анықталды: Бас прокуратура халыққа ескерту жасады





