Бас прокуратура дабыл қақты: алаяқтар Қазақстандағы iPhone пайдаланушыларына жетті
© Фото: pexels
Қазақстан тұрғындарына интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 16 сәуірде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жанындағы Қоғамдық қауіпсіздік қатерлері мен қылмыстық тәуекелдерді болжау орталығы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, алаяқтар бұл жолы бұлтты сервистерді пайдаланушыларға бағытталған жаңа схема қолдануда.
Шетелдік дерек көздердің мәліметтері бойынша зиянкестер iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда.
Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фото суреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.
Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді.
Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.
Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түп нұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпия сөздер және банк деректері кибер қылмыскерлердің қолына түседі.
Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:
- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі "шұғыл" хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;
- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;
- бөгде парақшаларда логиндер, құпия сөздер және банк деректерін енгізбеу;
- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;
- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі пароль дерді пайдалану;
- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.
Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 18 сәуір 2026
Полиция Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында апатты жағдай туындатқан бір топ жүргізушіні ұстады
-
13:05, 18 сәуір 2026
Қазақстандық үшінші ұлттық бітімгерлік контингент Голан жоталарына аттануға дайын
-
12:39, 18 сәуір 2026
Астанада ер адам қажылыққа бармақ болған 17 адамды сан соқтырып кетті
-
12:11, 18 сәуір 2026
18 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы
-
11:45, 18 сәуір 2026
Қазақстанда алаяқтықтың 18 жаңа тәсілі анықталды: Бас прокуратура халыққа ескерту жасады





