Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылдың басынан бері сегіз ай ішінде 200 мыңнан астам қазақстандық бала тууына байланысты біржолғы төлем рәсімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 18 қыркүйекте ата-аналар бала туған кезде берілетін жәрдемақыны рәсімдей алатын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мәлімдеді.
"Бұл ретте төлем алу үшін арнайы барып өтініш берудің қажеті жоқ – қызмет проактивті форматта қолжетімді. Бала туғаны тіркелгеннен кейін ата-анаға SMS-хабарлама келеді. Қызметті алуға келісім беріп, банк шотын көрсету жеткілікті – жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады", – деп хабарлады корпорация.
Төлемдердің ең көп бөлігі оңтүстік өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларға тиесілі.
Рәсімделген жәрдемақылар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – мұнда 28 мыңнан астам отбасы төлем алған. Екінші орында – Алматы қаласы, онда 19 мыңнан астам төлем рәсімделген. Үштікті Астана қаласы түйіндейді, мұнда мемлекеттік қолдауды 17 мыңнан астам отбасы алған.
Мемлекеттен берілетін біржолғы қаржылай көмектің мөлшері баланың нешінші болып дүниеге келгеніне байланысты.
2026 жылы бірінші, екінші немесе үшінші бала туған кезде – 164 350 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге төленеді.
"Өтініш беру мерзімін де ескеру маңызды. Құжаттарды бала туған күннен бастап 18 ай ішінде тапсыру қажет. Осы мерзім өткеннен кейін төлем алуға деген құқықтан айырыласыз", – деп атап өтті мемлекеттік корпорацияда.
Жәрдемақыны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде рәсімдеуге болады. Бұл жағдайда қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күніне дейін.
Өтінішті электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы берген кезде төлем 4 жұмыс күні ішінде рәсімделеді.
17 қыркүйекте Электронды үкіметтің Egov.kz порталы Қазақстанда зейнеткерлер мен қарт адамдарға қандай әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғанын және оларды қалай алуға болатынын түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 18 қыркүйек 2026
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары өзгерді
-
16:25, 18 қыркүйек 2026
Психотроптық заттарды заңсыз өндірумен айналысқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
-
16:09, 18 қыркүйек 2026
+33°С-қа дейін ыстық, кейін жаңбыр: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты
-
15:51, 18 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентін қабылдады
-
15:50, 18 қыркүйек 2026
Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады





