Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентін қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 18 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент Қазақстанда үстел теннисін дамытуға дәйекті қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміздің Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жастардың үстел теннисіне қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір елімізде 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Сондай-ақ спорт резервін даярлауға және жарыстар өткізуге арналған инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қолға алынған.
Мемлекет басшысы 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатын ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл – Орталық Азияда аталған спорт түрінен өтетін алғашқы әлем біріншілігі.
Кездесу барысында алдағы чемпионаттың тарихи маңызына назар аударылды. Жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл өңірде кеңінен қанат жаюына жол ашады.
Өз кезегінде Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, федерацияның осы спорт түрін одан әрі дәріптеу жоспары туралы баяндады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:58, 18 қыркүйек 2026
Салық есебін тапсыру және салықтарды төлеу мерзімі 21 қыркүйекте аяқталады
-
16:53, 18 қыркүйек 2026
БҰҰ ұйымы Димаш Құдайбергеннің әлемге үндеуін жариялады
-
16:50, 18 қыркүйек 2026
Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді
-
16:44, 18 қыркүйек 2026
Кэшбэк пен банк акцияларынан қалай пайда табуға болады - Қазақстанның ірі банктері бонус жүйелерін өзгертті
-
16:40, 18 қыркүйек 2026
Мал ұрлығы: Жамбыл облысында қожайынын ірі шығынға батырған қойшы ұсталды





