Қазақстанда 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін толыққанды жаңғырту жалғасуда. Бүгінгі таңда жаңарту Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктіне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоспарланған жұмыстар шеңберінде өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыру сондай-ақ шекарадан өту уақытын 30 минутқа дейін қысқарту күтіліп отыр. Биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны "Qoldau.kz" платформасында және "CargoRuqsat" мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.
"Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті", — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін сенатор Қазақстанда ұшқышсыз авиация орталығын құруды ұсынғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:03, 10 қаңтар 2025
Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды ма - Ішкі істер министрлігінің жауабы
-
13:54, 10 қаңтар 2025
2025 жылы жинақтаушы зейнетақыны арттыру жалғасын таппақ
-
13:48, 10 қаңтар 2025
Алакөлдегі ғажайып: Көлде 25 балықшы бар мұз жарылып кетті
-
13:36, 10 қаңтар 2025
ШҚО-да полицейлер қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмектесті
-
13:21, 10 қаңтар 2025
ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы тұтқындалды