Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды ма - Ішкі істер министрлігінің жауабы
© Сурет: Instagram/justice_for_sherzat
Қазақстанның ІІМ Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлаған болатын. Бірақ кейінірек тағы сегіз қылмыстық іс тіркелді, сондықтан сотқа дейінгі тергеу жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желтоқсанның 11-і күні Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын екенін хабарлады.
"Алматы облысының полиция департаменті Талғар қаласында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактілері бойынша сегіз қылмыстық іс тіркелді.Іс бойынша 11 айыпталушыға қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", — деп жауап берді ҚР ІІМ баспасөз қызметі ҚазАқпараттың 2025 жылғы 10 қаңтардағы сауалына.
2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды.
2025 жылдың 3 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Шерзат Полаттың өлтірілуі туралы айтты. Президент "тергеу әрекеттері аяқталды, жақын арада бұл іс бойынша сот процесі өтетінін" мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 10 қаңтар 2025
Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті
-
17:40, 10 қаңтар 2025
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің финалына бір қадам қалғанда тоқтады
-
17:26, 10 қаңтар 2025
Ақмола облысында екі адам зейнеткердің үйіне заңсыз басып кірген
-
17:12, 10 қаңтар 2025
2025 жылы теңгені қандай валютаға инвестициялаған жөн - қаржыгер кеңесі
-
17:02, 10 қаңтар 2025
Тоқаев «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы заңға қол қойды