Australian Open турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

© Сурет: ktf.kz
Қазақстан құрамасының теннисшілері Australian Open-2025 турниріндегі алғашқы қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина бірінші айналымда 16 жастағы австралиялық Эмерсон Джонспен (WTA рейтингінде 371-орында) кездеседі.
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 25-орында) жарысты армениялық Элина Аванесянға қарсы (WTA рейтингінде 44-орында) бастайды.
Александр Шевченко (ATP рейтингінде 72-орында) алғашқы матчында әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькарасқа (Испания) қарсы ойнайды.
Ал Александр Бублик (ATP рейтингінде 27-орында) турнирді аргентиналық Франсиско Серундоломен (ATP рейтингінде 31-орында) кездесуден бастайды.
Аустралияның ашық чемпионаты 12-26 қаңтар аралығында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 16 ақпан 2025
Азия ойындарында чемпион атанған хоккейшілер елге оралды
-
11:24, 16 ақпан 2025
Әлемнің бірінші ракеткасы үш айға жарыстан шеттетілді
-
09:56, 16 ақпан 2025
Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет «Челленджердің» жұптық сынында жеңіске жетті
-
18:28, 14 ақпан 2025
2025 жылғы қысқы Азия ойындары мәресіне жетті: ел қоржынына қанша медаль түсті
-
15:55, 14 ақпан 2025
Қазақстан хоккейшілері бесінші рет қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды