Екі бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханада жатыр: Қарағандыда ірі өрт болды
© Фото: Zakon.kz
Қарағандыда 2025 жылдың 9 қаңтарына қараған түні Пришахтинская көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде шатыр, төбе және тұрмыстық заттар өртке оранды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын өртті Төтенше жағдайлар министрлігі толықтай сөндірді.
"Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өз бетімен шығып, "көмірқышқыл газынан улану" деген алдын ала диагнозбен балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 1964 жылы туған әйелді аман алып қалды. Ол Мақажанова атындағы емханаға көмірқышқыл газына уланып, күйік шалып жатқызылды. Ең сорақысы құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туылған екі баланың денесін тапты. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өрттің алдын ала себебі — электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.
"Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды". Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 8 қаңтарында Алматыдағы қоймада ірі өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алдын ала аумағы 2050 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:33, 9 қаңтар 2025
Оралда өзге көлік жүргізушілеріне тапаншамен қауіп төндірген ер адам ұсталды
-
22:51, 9 қаңтар 2025
Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр
-
22:20, 9 қаңтар 2025
Рудныйда есірткі зертханасы анықталды
-
21:16, 9 қаңтар 2025
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
-
20:19, 9 қаңтар 2025
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған