Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты: Қазақстан Жапония құрамасына жол беріп алды

18:57, 6 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1/8 финалда қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесті.

Алғашқы ойында Кирилл Герасименко Сора Мацусиманы 3:1 есебімен жеңді.

Кейін Томоказу Харимото Алан Құрманғалиевтен 3:0 есебімен басым түсіп, есепті теңестірді.

Одан кейін Айдос Кенжіғұлов пен Сюнсүке Тогами өзара мықтыны анықтады. Бұл кездесуде жапониялық спортшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Төртінші матчта Кирилл Герасименко Томоказу Харимотоға 0:3 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Жапония құрамасы жалпы есепте 3:1 нәтижесімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады. Бұл - ұлттық құраманың командалық әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі.

Айта кетейік, Жапония ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында командалық сайыста қола жүлдеге ие болған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!