Алматыда өткен түнгі рейд барысында ондаған жасөспірім полицияға жеткізілді
© Сурет: pexels
Алматы қаласында түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтауға бағытталған профилактикалық рейд өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде үйден тыс жүрген және ойын-сауық орындарында болған жасөспірімдерді анықтау, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылы 6 мамырда қалалық ПД баспасөз қызметі аталған рейд барысында полиция бөлімшелеріне 47 кәмелетке толмаған жеткізілгенін хабарлады:
"Олардың ішінде өзге өңірлерден келген 10 жасөспірім балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Тексеру кезінде компьютерлік клубтардың қызметіне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде үш мекемеде кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден кейін ересектердің қарауынсыз болғаны анықталды. Аталған орындардан барлығы 10 жасөспірім табылса, оның алтауы басқа өңірлерден келген. Анықталған деректер бойынша ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін әкімшілік материалдар рәсімделді".
Сонымен қатар, балаларын тәрбиелеу және бақылау міндеттерін тиісінше орындамаған ата-аналар мен заңды өкілдер де жауапкершілікке тартылды. Жалпы рейд қорытындысы бойынша 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде:
- 4 дерек — кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуы бойынша,
- 34 дерек — жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүруі бойынша тіркелді.
Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
"Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз жүруі олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Ата-аналарды балалардың қайда және кіммен жүргеніне жіті назар аударуға шақырамыз", — деді ол.
Бұған дейін елордада полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізгені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:57, 6 мамыр 2026
Үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты: Қазақстан Жапония құрамасына жол беріп алды
-
18:50, 6 мамыр 2026
Мұнай бағасы төмендеуде. АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келеді ме - БАҚ
-
18:30, 6 мамыр 2026
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында отандық боксшы бірінші раундта-ақ жеңіске жетті
-
17:56, 6 мамыр 2026
«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». Отан қорғаушылар күніне арналған ауа райы болжамы
-
17:44, 6 мамыр 2026
Жануарларға қатыгездік танытушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылмақ





