Мұнай бағасы төмендеуде. АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келеді ме - БАҚ

18:50, 6 мамыр 2026

© Фото: zakon.kz

АҚШ пен Иран арасында меморандумға қол қойылатындығы туралы ақпарат қылаң бергелі мұнай бағасы 9%-ға арзандап, "қара алтынның" бір баррелінің құны 99 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгіндері АҚШ пен Иран атысты доғару және ядролық келісімді қайта жаңғырту туралы меморандумға қол қоюға дайындалуда. Axios мәліметтері бойынша, тараптар әскери іс-қимылдарын тоқтатып, Ормұз бұғазының мәртебесі бойынша келіссөздердің 30 күндік циклін іске қосуы тиіс 14 тармақтан тұратын құжатты талқылайды.

Қазақстанның энергетикалық саласы бойынша сараптамалық-ақпараттық Energy Monitor Telegram арнасы аталған мәміленің негізгі шарттарына мыналар жататынын еске салады:

  • Ядролық мораторий: Иран уранды 12 жылға дейін байытуды тоқтатуға және жерасты ядролық нысандарын жабуды өз міндетіне алады.
  • Отынды өткізіп беру: Тегеран елдегі жоғары байытылған уранды сыртқа шығаруы керек.
  • Бақылау: Иран БҰҰ-ның кенеттен инспекция жүргізуіне өз келісім береді.
  • Экономикалық жеңілдіктер: АҚШ Иранның миллиардтаған долларды қамтитын активтерін бұғаттан босатады және санкциялардың күшін жоя бастайды.

Айта кетсек, наурыз айындағы АҚШ пен Израильдың Иранға қарсы жасаған әскери шабуылдарынан кейін мұнай бағасы күрт қымбаттап шыға келген болатын. Бір баррелдің құны 126 долларға дейін көтерілген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!