Қазақстанда архитектуралық-үйлестіру орталығы анықталды

16:37, 20 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің архитектуралық-үйлестіру орталығын анықтау туралы қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" РМК архитектуралық-үйлестіру орталығы болып айқындалсын", – делінген құжатта.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы "Электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын анықтау туралы" қаулысының күші жойылды.

Қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!