Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады
© Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, Орталық Азияда сирек кездесетін элементтер мен өзге де аса маңызды минералдардың мол қоры бар. Бұл әлемнің жаңа энергетикалық жүйеге көшуіне қажетті ресурс саналады.
"Өңіріміз таза әрі қуат үнемдейтін өндірістерді аталған ресурстармен қамтамасыз ете алады. Қазақстан Жапониямен қазба байлықтарды барлау, өндіру және өңдеу ісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі", - деді ол.
Бұл ретте терең өңдеуге және орнықты өндіріс тізбегін қалыптастыруға ден қоя отырып, толыққанды өнеркәсіп кластерін құруға басымдық беріледі.
"Сондықтан Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайды. Бұл бастама өндіріс үдерісін цифрландырып, экологиялық орнықтылықты арттырады". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент сондай-ақ Қазақстан JICA агенттігінің Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайтынын айтты.
"Ауыл шаруашылығының дамуы су қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Орталық Азия қазірдің өзінде су тапшылығын сезініп отыр. Соңғы жиырма жылда өңірде жан басына шаққанда сумен қамту көлемі шамамен 30 пайызға төмендеді. Оның үстіне су ресурстарының 70 пайызға жуығы – трансшекаралық. Каспий теңізінің тартылуы алаңдаушылық туғызады, ал Арал экологиялық апаты су ресурстарын ретсіз пайдаланудың салдары қандай қайғылы болатынын көрсетті. Қазақстан Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) Орталық Азиядағы күрделі су проблемасын шешуге қосқан үлесін бағалайды әрі аталған беделді институтпен ықпалдастықты жалғастыруға ниетті", - деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:21, 20 желтоқсан 2025
Павлодар облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт қылды
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды





