Қазақстан Тәжікстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке кандидатурасын қолдайды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан 2028-2029 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға үміткер Тәжікстанның кандидатурасын қолдайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту шараларына арнайы тоқталды.
"Тұрақты түрде өткізіліп тұратын Мәдениет күндері, шығармашыл зиялы қауым өкілдері арасындағы белсенді диалог, көрнекті тұлғаларға ескерткіш ашу – мұның бәрі азаматтарымыздың қызығушылығын тудыратын дүниелер. Сондай-ақ біз білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделіміз. Қазақстан аймақ елдері ішінде Тәжікстан студенттеріне ең көп білім грантын береді. Жыл сайын 100 орын бөлінеді. Тәжік әскерилерін Қазақстанның оқу орындарында оқытуды жалғастыруға дайынбыз. Бұл жұмысты жүйелі әрі ұзақмерзімді негізде жүргізу үшін әскери кадрларды даярлау саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымы бір екенін айтты. Қазақстан мен Тәжікстан көпжақты алаңдарда ортақ мүддені бірлесе ілгерілетуге әзір.
"Келіссөз барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойдық. Өңірдің орнықты дамуы – бауырлас халықтардың түпкілікті мүддесіне сай келетін ортақ мақсат. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның ұсынылуын қуана қабыл алды. Біз Тәжікстанның кандидатурасын қолдаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 7 қараша 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
-
16:57, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
-
16:40, 7 қараша 2026
Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті
-
16:01, 7 қараша 2026
Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін
-
15:59, 7 қараша 2026
ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты





