«Қазақстан темір жолы» компаниясының есепшісі аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

© Сурет: Zakon.kz
Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлаудың қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, жалақыны есептеу үшін "SAP HRP" бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына алаяқтық жасауға жол ашқан, яғни бухгалтерияда қызметкерлерге жалақы бойынша қажет сандарды қоюға мүмкіндік болған.
"Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріліп отырды. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды".Бас көлік прокуратурасы
Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталды.
"Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктердің барлығын анықтаған жоқ. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталды".Бас көлік прокуратурасы
Сондай-ақ, "SAP HRP" бухгалтерлік бағдарламасы "ҚТЖ "ҰК"АҚ көптеген кәсіпорындарында жұмыс істейтіні белгілі болды.
"Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді".Бас көлік прокуратурасы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 6 маусым 2023
Екібастұзда ер адам суға батып кетті
-
22:21, 6 маусым 2023
Шымкентте трансформатор мен шағын дүкен өртенді
-
21:35, 6 маусым 2023
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты