«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Еуразия» Бірінші арнасының басшылары жаңадан тағайындалды
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Еуразия" Бірінші арнасының ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 18 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты:
"Бүгін "Қазақстан" телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды".

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Әр жылдары "Qazaqstan" телеарнасының тілшісі және тележүргізушісі, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, сондай-ақ "Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Қазақстан" телерадиокорпорациясын алты жылдан астам уақыт бойы басқарған Ләззат Танысбай "Еуразия" Бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалды.
Ләззат Мұратқызы журналистика саласында 30 жылдан аса еңбек етіп келеді. "Astana TV" телеарнасын және "Нұр-медиа" холдингін басқарды. "Қазақстан" телерадиокорпорациясында оның жетекшілігімен "Abai TV" телеарнасы іске қосылды, тарихи телехикаялар мен анимациялық фильмдер өндірісі ерекше серпінмен дамыды, отандық контентті интернет кеңістігінде және шетелдерге тарату ісінде көп жұмыс атқарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:13, 13 мамыр 2026
Ескек есу слаломынан Қытайдағы Азия чемпионаты: ұлттық құраманың тізімі
-
18:48, 13 мамыр 2026
Дзюдошы Ғалия Тынбаева Испаниядағы ірі халықаралық турнирде бақ сынайды
-
18:23, 13 мамыр 2026
Қарағандыда ер адам пәтердің электронды құлпын бұзып, ұрлық жасаған
-
18:15, 13 мамыр 2026
Өзен жағасындағы кездейсоқ олжадан соң қазақстандық 121 мың теңге айыппұл төлейді
-
18:07, 13 мамыр 2026
Оралдағы жантүршігерлік жол апаты: екі қыздың өліміне кінәлі жүргізушіге үкім шықты





