Қазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға дейінгі сауда жоспарын бекітті
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Тәжікстан 2030 жылға дейін екіжақты тауар айналымын арттыруға келісті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір екі ел арасындағы сауда көлемі 2 млрд долларға жуықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президентінің айтуынша, бүгінгі келіссөздер жемісті өтіп, қос тарап сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.
"Біз сенім мен өзара құрмет сипатында өрбіген әңгіме барысында көптеген мәселені талқылап, мемлекетаралық ықпалдастықтың негізгі басымдықтарын айқындадық. Ең алдымен, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мән берілді. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты тауар айналымы 2 миллиард долларлық межеге таяп қалды. Нәтижесінде Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне енеді. Қадірлі Эмомали Шариповичпен өзара алыс-берісті жандандыратын қажетті шаралар қабылдауға келістік. Бүгін осы мақсатқа жетуді көздейтін 2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды. Екі ел үкіметтеріне аталған міндетті сапалы орындау жүктелді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, аграрлық секторда мүмкіндік мол. Өткен жылы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімі 11 пайызға өсіп, шамамен 600 миллион долларды құраған. Бұл – бүкіл тауар айналымының тең жартысы.
Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттердің бір-біріне жеткізетін азық-түлік тауарларының көлемін ұлғайтуға дайын екені айтылды. Бұл саладағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін толыққанды өндіріс тізбегін құру мүмкіндігі талқыланды.
Мемлекет басшысы экономикалық өсімге тың серпін беретін бірлескен жобаларды іске асыруды маңызды міндет ретінде атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, өңдеу өнеркәсібі секторларындағы өзара тиімді серіктестіктің келешегі зор деп санайды. Бұл ретте сапар қарсаңында өткен Қазақ-тәжік бизнес форумы екі ел кәсіпкерлерінің көптеген бағытта байланысты жолға қоюға мүдделі екенін растады.
Сонымен қатар Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті жандандырудың маңызына тоқталды.
"Былтыр елдеріміз арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті көлемі сәйкесінше 8 және 15 пайызға ұлғайып, шамамен 7 миллион тоннаны құрады. Тасымалдаушыларға жасалған жағдай биыл да оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді. Көлікті цифрландыру мәселесіне баса назар аудару жөнінде уағдаластық. Бұл жүкті іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз етеді. Аталған бағытты одан әрі дамыту үшін басты көлік-логистика жобаларын іске асыру перспективасы пысықталады. Ұлттық теміржол компаниялары деңгейіндегі жұмыс тобына ынтымақтастық бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды", – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында су-энергетика саласына айрықша мән берілгенін жеткізді.
"Қазақстан трансшекаралық өзендер қорын пайдалану мәселесіне қатысты бірізді саясаты мен қолдауы үшін тәжік тарапына алғыс айтады. Біз осы бағыттағы конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға келістік. Су саласына цифрлық шешімдерді енгізу, су ресурстарын есепке алу және мониторинг жүйесін бірлесе дамыту – басым міндет", – деді Президент.
Мемлекет басшысы атап өткендей, екі елдің IT-сектордағы ынтымақтастығы мол мүмкіндікке жол ашады.
"Кейінгі жылдары еліміз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын дамыту ісінде едәуір табысқа қол жеткізді. Бұған дейінгі уағдаластықтар аясында тәжік тарапына электрондық үкімет платформасының цифрлық шешімдері берілді. Тәжікстандық мамандар Қазақстанның үздік IT-мектептеріндегі тағылымдама курстарын ойдағыдай аяқтады. М. Осими атындағы Тәжік техникалық университеті жанынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен бірлескен ақпараттық технологиялар факультеті ашылды. Осы іспетті жобалар елдеріміздің технологиялық тұрғыдан өрлеуіне септігін тигізетініне сенімдімін. Барлық бағыттағы ауқымды жұмысты жүйелеу үшін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсындық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 7 қараша 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
-
16:57, 7 қараша 2026
Тоқаев пен Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
-
16:40, 7 қараша 2026
Қазгидромет 8 қарашада жауын-шашын мен көктайғақ болатынын ескертті
-
16:01, 7 қараша 2026
Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін
-
15:59, 7 қараша 2026
ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапты





