Қазақстан мен Қытай 629 млн доллардан астам сомаға келісімшарттарға қол қойды

11:28, 2 шілде 2024

© Сурет: primeminister.kz

Үрімшідегі "Қазақстан – Қытай" III өңіраралық форумында 629,1 млн доллар сомасына ынтымақтастық туралы 17 құжатқа қол қойылды. Форумға Қазақстанның 17 облысының, сондай-ақ ҚХР-ның 27 өңірінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин атап өткендей, Қытай Қазақстанға инвестиция салу көлемі бойынша төртінші орында тұр.

"Қазақстан мен Қытай арасында қарқынды аймақаралық өзара іс-қимыл жасауға барлық жағдай жасалған. Сонымен бірге инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері үшін үлкен әлеует бар", — деді вице-премьер.

Ірі келісімшарттардың арасында:

  • Алматы облысы мен "TBEA" ААҚ арасында 10 қосалқы станса мен электр жеткізу желілерін салу және жаңарту;
  • электр жабдықтарын өндіру зауытын салу туралы келісімдер;
  • күнбағыс майын жеткізу бойынша үш келісімшарт;
  • "Qazaq Camel" ЖШС мен Xinjang Huaken Dairy Group Co ltd арасында құрғақ түйе сүтін жеткізу туралы келісімшарттар.

Қытай мен Қазақстан жаңа амбициялық мақсаттар қойып,өзара тауар айналымын $100 млрд дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Қытай көшбасшысы Бейжің мен Астананың саяси өзара сенімінің деңгейін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!