Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурян "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды.
Президенттерге АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттары және оның өңірлік бастамаларды дамытудағы үлесі туралы мәлімет берді.
АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Оның 5,9 миллиард доллары AIX биржасындағы портфельдік инвестиция болса, 7,3 миллиард доллары АХҚО-ға қатысушы компанияларға тиесілі. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар.
Сонымен қатар АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының қызметі, орталықтағы сот жүйесінің ерекшелігі жөнінде де ақпарат берілді. Бұдан бөлек, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің жұмысы туралы баяндалды. Аталған комитет пен Армения Республикасының Орталық банкі арасында Банк және сақтандыру қызметтерін, бағалы қағаздар нарығын қадағалау және реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 16 қазан 2024
«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
-
18:56, 16 қазан 2024
Өскемендегі автокөлікке қызмет көрсету орталығында өрт шықты
-
18:33, 16 қазан 2024
Түркістан облысында мектеп ауласынан 1353 жылы жасалған қол диірмен табылды
-
18:11, 16 қазан 2024
Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар командасының құрамы анықталды
-
17:59, 16 қазан 2024
Көлік полицейлері 18 жастағы есірткі таратушыны теміржол бойында ұстады