Атырау облысында бір күнде 6 шетелдік елден шығарылды

19:22, 15 қазан 2024

© Сурет: polisia.kz

14-18 қазан аралығында Атырау облысында "Заңсыз келуші-2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның алғашқы күні 131 заңбұзушылық тіркелген:

  • Қазақстан аумағынан шығуға міндеттелген, бірақ елден кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар саны – 50;
  • Қазақстаннан он тәуліктен асатын уақыт аралығында кетуден жалтарғандар – 37;
  • Визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін қызмет атқарған немесе қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тұлғалар – 42;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 19;
  • Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 19;
  • Заңсыз түрде шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері – 3.

Бір күнде 6 шетел азаматы елден шығарылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!