Қазақстандық төрт мерген Әлем кубогының финалдық кезеңінде бақ сынайды
© Сурет: olympic.kz
Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған.
Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады.
Айта кетейік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.
Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері (бұл жағдайда Париждегі Олимпиада ойындарындағы жүлдегерлер), былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ.Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:45, 15 қазан 2024
Атырауда минимаркетте өрт шықты
-
21:10, 15 қазан 2024
Полиция қызметкерлері босанғалы жатқан әйелді құтқарып қалды
-
20:41, 15 қазан 2024
Лисаковскіде түнгі клубта соққыға жығылған ер адам ауруханада қайтыс болды
-
20:13, 15 қазан 2024
Түркістанда көліктерінің нөмірін алып тастап, кортеж жасаған жүргізушілер жазаланды
-
19:22, 15 қазан 2024
Атырау облысында бір күнде 6 шетелдік елден шығарылды