Британдық мұзбалақ әлемдегі 14 құзар шыңды бағындырған «ең жас әйел» атанды

10:05, 16 қазан 2024

© Сурет: Aga Adventures

23 жастағы британдық альпинист әлемдегі ең биік 14 шыңды бағындырған "ең жас әйел" атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News мәліметінше, 23 жастағы Адриана Браунли 9 қазанда Тибеттегі Шишапангманың ең биік нүктесін бағындырып, көз жасына ерік берген. Ол осылайша бала күнгі арманын орындаған.

Жас "тау қызы" небәрі 20 жасында Эверестті бағындырған. Бұдан кейінгі үш жыл бойы биіктігі 8 мың метрден асатын заңғарларды зерттеген.

Британдық альпинист әлемдегі 14 құзар шыңды бағындырған "ең жас әйел" атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 10:05

Сурет: Aga Adventures

Осылайша, альпинист әлемдегі ең биік 14 шыңды, соның ішінде К2 бағындырған және Гашербрум I-ге қосымша оттегісіз көтерілген ең жас әйел болды.

Дүние жүзінде биіктігі 8000 метрден асатын 14 тау бар. Олар Непал, Тибет және Пәкістандағы Гималай және Қарақорым тау жоталарында орналасқан.

Оларға Эверест (8849 м), К2 (8611 м), Даулагири (8167 м) және Нангапарбат (8126 м) жатады.

Бұған дейін Қытайда 5 мың жыл бұрын жерленген "билеушінің" қабірі табылғандығы хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!