Елордада дәлізде жанған қоқыстың салдарынан шұғыл түрде 4 адам эвакуацияланды

10:23, 16 қазан 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

16 қазан күні түнде Сарыарқа ауданы Құтпанов көшесі бойындағы бес қабатты жатақханада өрт орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар мәліметінше, бірінші қабаттың дәлізіндегі қоқыс өртке оранған. Нәтижесінде, жатақхананы толықтай түтін басқан.

Оқиға орнына келген ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 2 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Елордада дәлізде жанған қоқыстың салдарынан шұғыл түрде 4 адам эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 10:23

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

14 қазанда СҚО-да тас жол бойында жүк көлігі отқа оранғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!