Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия ойындарында күміс медальға ие болды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің финалына дейін жетіп, Жапония құрамасымен кездесті. Нәтижесінде жапониялықтар 4:0 есебімен басым түсті.
Осылайша Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста екінші орын алды.
Бұл бағдарламада ұлттық құрама сапында Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамуров, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Меруерт Сәрсенова, Бақытжан Абдурахманов, Әділет Алмат, Дана Әбдірова, Эсмигүл Куюлова, Ерасыл Қажыбаев, Екатерина Токарева өнер көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:15, 3 қазан 2026
Қазақстанда жүздеген балаға есту қабілетін қалпына келтіру үшін имплант орнатылды
-
15:57, 3 қазан 2026
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
-
15:01, 3 қазан 2026
Тоқаев Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
-
14:43, 3 қазан 2026
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты
-
14:40, 3 қазан 2026
Қазақстанда қанша мұғалім жұмыс істейді





