Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы қандай
© Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 13 тамызда Үкіметтегі брифингте Қазақстан экономикасында не болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спикердің сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы жұмыс істеп тұрған сыртқы жағдайлар, жұмсартып айтқанда, тұрақсыз.
"Бұл нені білдіреді? Әдетте тұрақсыздық кезеңінде инвестициялар өз метрополияларына (шығу елдеріне) қайтады. Қазір соны байқап отырмыз. Өткен жылдың қорытындысында алғаш рет инвестициялардың теріс нетто-ағыны тіркелді. Бұған көп ретте қайта инвестициялаудың болмауы әсер етті. 7,1 млрд доллар шығарылды. Жалпы, бұл заңға сай, өйткені инвесторлар өз қаражатын қалай пайдалануды – қайта инвестициялау ма, әлде дивиденд ретінде шығарып алу ма – өздері шешеді", - деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, мұндай жағдай ірі инвестициялық циклдың алғашқы, «мұнайлық» кезеңінің аяқталуымен байланысты. Сонымен бірге қазір негізгі капиталға салымдардың өсіп келе жатқаны және елде өте ірі кәсіпорындардың іргетасы қаланып жатқанын атап өтті.
"Ұлттық экономика министрі ретінде айтарым: біз қалыпты экономикалық өсу кезеңіндеміз. Бұл көрсеткіштерімізден де, дамып жатқан салалардан да көрініп тұр. Атап айтқанда, тау-кен өндіру саласы, соның ішінде мұнай өндіру өсуді жалғастырып келеді", - деді Серік Жұманғарин.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 15 желтоқсан 2025
Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылды
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады





