Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті – Президент

12:45, 4 маусым 2026

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 4 маусымда елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығы атап өтілетінін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие.

"Аталған мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алуымыз керек. Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!