Қазақстан боччадан әлем кубогында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан боччадан 2026 жылғы әлем кубогында Қуаныш Асқарбеков Қазақстан құрамасына осы жарыс тарихындағы алғашқы алтын медальді алып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа 24 елдің спортшылары қатысып жатыр. Қазақстан намысын үш паралимпиадашы қорғауда. Олар – талдықорғандық Қуаныш Асқарбеков (BC1 санаты), астаналық Итиана Шыңғысханова (BC2 санаты) және ақтаулық Азамат Аманша (BC2 санаты).
Жеке сында Қуаныш Асқарбеков алтын медаль жеңіп алса, Итиана Шыңғысханова күміс жүлдеге ие болды.
Бұл жүлделер отандық параспорт үшін елеулі жетістік болды әрі Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын нығайтты.
Қазір Қазақстан құрамасы жарысты командалық сында жалғастырып жатыр. Қазақстандық параспортшылар жүлделі орындар үшін тағы сегіз елдің өкілдерімен бәсекеге түсуде.
Ұлттық құраманың әлем кубогындағы табысы Қазақстанда бочча мектебінің әлеуеті артып келе жатқанын көрсетеді. Спортшылардың жетістігі өзге де спортшыларды жаңа жеңістерге жігерлендіріп, елдегі параспорттың одан әрі дамуына ықпал етеді.
Еске салайық, үш апта бұрын Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өткен 2026 жылғы Пара Азия ойындарында 12 алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:53, 10 қараша 2026
Астанадағы дәмханалардың бірінде клиенттерді жалған бронь арқылы алдаған
-
09:48, 10 қараша 2026
Бразилияда 13 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
09:25, 10 қараша 2026
10 өңірде қар жауып, жол көктайғақ болуы мүмкін – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді сақ болуға шақырды
-
09:13, 10 қараша 2026
Жол ережесін бұзғанын мақтан еткен алматылық өз өзін ұстап берді
-
09:06, 10 қараша 2026
10 қарашада Қазақстанның тоғыз облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады





