Астанадағы дәмханалардың бірінде клиенттерді жалған бронь арқылы алдаған
© Сурет: pexels
Елордадағы дәмханалардың бірінде жұмыс істейтін қызметкер клиенттерден жоқ бронь үшін алдын ала төлем алып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам қалалық дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Мекеме әкімшісі орнында болмаған кезде күдікті өзін әкімші ретінде таныстырып, клиенттерден салтанатты шара өткізу үшін дәмхананы броньдауға алдын ала төлем алған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оның әрекетінен 10 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 500 мың теңгені құрайды", – деп хабарлады 2026 жылғы 9 қарашада Астана қалалық Полиция департаменті.
Жәбірленушілер жоспарланған шараларын өткізу үшін дәмханаға келгенде, мекеме әкімшілігінің алдын ала төлем алынғанынан хабарсыз екенін білген.
Астана қаласының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Астана қалалық Полиция департаменті қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Төлем жасамас бұрын ұйым өкілінің тиісті өкілеттігі бар-жоғын тексеріп, ақшаны тек ресми касса арқылы төлеу қажет. Сондай-ақ төлем жасалғанын растайтын түбіртектерді, чектерді және басқа да құжаттарды сақтап қою ұсынылады.
Ал Ақтөбеде жинаған ақшасын жылдам көбейтуді көздеген ерлі-зайыпты ірі қаржылық шығынға ұшырады. Оқиға жұбайлардың белгілі компанияға инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға уәде берген жарнаманы көруінен басталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:48, 10 қараша 2026
Бразилияда 13 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
-
09:37, 10 қараша 2026
Қазақстан боччадан әлем кубогында алғаш рет алтын медаль жеңіп алды
-
09:25, 10 қараша 2026
10 өңірде қар жауып, жол көктайғақ болуы мүмкін – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді сақ болуға шақырды
-
09:13, 10 қараша 2026
Жол ережесін бұзғанын мақтан еткен алматылық өз өзін ұстап берді
-
09:06, 10 қараша 2026
10 қарашада Қазақстанның тоғыз облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады





