Жол ережесін бұзғанын мақтан еткен алматылық өз өзін ұстап берді
© Фото: Zakon.kz
Заңды елемейтінін және жауапкершіліктен қорықпайтынын ашық көрсеткен алматылық әйелдің әрекеті өзіне қиындық туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының полицейлері бұған дейін әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін ашық бұзып, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген әйелді анықтады. Жарияланған видеода әйелдің көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны және белгіленген талаптарды орындаудан демонстративті түрде бас тартқаны көрінеді.
Алайда тексеру барысында оның бұдан да басқа заңбұзушылықтарға барғаны анықталды. Атап айтқанда, әйел сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлік тізгіндеген.
"Құқық бұзушыға қатысты бірнеше дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік құралын басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану қағидаларын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері тіркелді", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті 2026 жылғы 9 қарашада.
Іс материалдары сотқа жолданды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар автомобильдің басқа әйелге тиесілі екені анықталды. Көлікті жүргізу құқығынан айырылған адамға бергені үшін оның иесі де жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге тағы бір жауапкершілік негізін еске салды. Қыс мезгілінде жазғы шиналарды пайдаланғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабына сәйкес 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:25, 10 қараша 2026
10 өңірде қар жауып, жол көктайғақ болуы мүмкін – «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді сақ болуға шақырды
-
09:06, 10 қараша 2026
10 қарашада Қазақстанның тоғыз облысында қар мен қар аралас жаңбыр жауады
-
08:51, 10 қараша 2026
Қытайда көпқабатты ғимарат өртеніп, 14 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті
-
08:33, 10 қараша 2026
«Қызы әкесін мақтан тұта алады». Алматыда күшікті өзеннен құтқарған азаматты іздеп жатыр
-
08:24, 10 қараша 2026
Қазақстан экономикасы 10 айда 4,5%-ға өсті





