Бразилияда 13 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

09:48, 10 қараша 2026
MKZ: 1576862

© Сурет: pixabay

Бразилияның Маритуба қаласында 13 жастағы өгей қызына жыныстық түрде зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, бұл заңсыз әрекет 2023 жылдан бері күн сайын қайталанып келуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Metropoles басылымының жазуынша, бұл қылмыс туралы қыздың әпкесі полицияға жүгініп, тергеушілерге жасөспірімнің өзі түсірген бейнежазбалар мен аудиохабарламаларды тапсырғаннан кейін белгілі болған. Жәбірленуші хабарламаларының бірінде кезекті зорлық-зомбылық оқиғасы күдікті ұсталғанға дейінгі күні, яғни 6 қарашада болғанын айтқан.

Полицияның арнайы бөлімшесінің қызметкерлері күдіктінің үйіне барған. Ер адам ұсталған кезде отбасы ұсынған бейнежазбалардағы жейдені киіп жүрген. Жауап алу кезінде ол қылмысқа қатысы бар екенін ішінара мойындаған.

Сонымен қатар полиция ер адамның бұған дейін де жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты басқа қылмыстық іс бойынша күдікке ілінгенін анықтады. Ол істе де жәбірленуші күдіктінің өгей қызы болған.

Тергеушілер ер адамды ұстау туралы құжат рәсімдеп, оны қамауға алу жөнінде өтініш білдірді. Қазір күдікті сот органдарының қарауында. Қызға қажетті көмек көрсетіліп, қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!