Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан алты күдікті ұсталды

18:52, 26 қаңтар 2026

© Сурет: polisia.kz

Аққулы ауданында арнайы операция барысында 50-ден астам жылқы мен ірі қара мал ұрлады деген күдікпен алты адам анықталып, ұсталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал 60 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер алдын ала қылмыстық рөлдерді бөлісе отырып, ұйымдасқан түрде әрекет еткен.

"Ұрланған жылқылар мен ірі қара мал оқиға орнында сойылып, Абай және Павлодар облыстарының нарықтарында сатылған. Төрт елді мекенде тінту шаралары жүргізілді, оның екеуі көршілес Абай облысының аумағында орналасқан. 28 бас жылқы, мал терілері, үш автокөлік, 8 бірлік қару және оқ-дәрілер тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Сондай-ақ Павлодар облысының Май ауданында осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар 3 күдікті анықталып, қамауға алынды. Олардың 100-ден астам ірі қара мал ұрлауға қатысы бар болуы мүмкін. Келтірілген залал 20 миллион теңгеден асады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!