Қазақстан азаматы Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
© Сурет: wikimedia
Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада Астанаға ұшар алдында жоғалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы оның әпкесі Facebook-та іздеу туралы хабарламасын жариялап, айтып берді.
"Менің әпкем жоғалып кетті. Шилова Екатерина Анатольевна, 1982 жылы туған. 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 23:00-де Варшавадан Астанаға ұшуы керек еді. Бірақ ол ұшаққа отырмады. Жұмыс бабымен жүрген, қолында ақшасы бар болатын", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, туыстары Екатеринаның өзінен келген күмәнді хабарламаны алған:
"Сәлем. Мен Варшавадан ұшпағанмын. Маған Германияда жақсы жұмыс ұсынылды, онда бірнеше жылдан бері менің досым жұмыс істейді, билеттің ақшасы қайтарылды. Бос уақытымда жазамын".
Алайда әпкесі бұл хабарламаны Екатерина жазбағанына сенімді екенін айтты:
"Сенімдімін, бұл хабарламаны ол жазған жоқ. Кімде-кім бірдеңе көрсе немесе білсе, хабарласуды сұраймын", – деп жүгінді Александра.

Сурет: Facebook/Александра Гидион
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Шилова Екатеринаның жағдайы туралы хабардар екендерін айтты.
"Варшавадағы консулдық бөлім елдегі уәкілетті органдарға ресми нота жолдады. Варшава полициясының басты басқармасы ақпаратты алғанын растады, іс іздестіру департаментіне берілді. Барлық қажетті консулдық көмек көрсетілуде. Бұл мәселе министрліктің бақылауында", – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін бір топ жасөспірімнің қарағандылық қызды сабап кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:25, 26 ақпан 2026
Ақтөбеліктер «жеделдетілген» қызметке ақша төлеп сан соғып қалды: екі бойжеткен күдікті ретінде танылды
-
16:20, 26 ақпан 2026
Қазақстандықтар мерзімі өткен жүргізуші куәлігін қалай ауыстыра алады - нұсқаулық
-
16:13, 26 ақпан 2026
Институционалдық жаңғыру одақтастарға берілетін белгі: ҚР-ның жаңа Конституциясы жобасының астарында не жатыр
-
16:03, 26 ақпан 2026
«Ерекше мәнге ие»: Михаил Шайдоров Ақордадағы кездесу жайлы пікір білдірді
-
15:54, 26 ақпан 2026
26 ақпанда доллар бағамы саудада өсуді жалғастырды





