Қазақша күрестен Қазақстан қоржынына тағы бес алтын медаль түсті

20:18, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/qazaqkuresi.kz

9 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел қоржыны тағы бес алтын медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 56 келі салмақ дәрежесінде финалда жерлесіміз Рауза Нұрмахамметова ресейлік Алена Фатихованы "таза жеңді". Осылайша Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.

60 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейіржан Берекетов финалда әзербайжандық балуанды жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Қазақша күрестен 66 келі салмақта Дидар Тұқышев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы болды.

74 келі салмақта өнер көрсеткен Жұмажан Қожамбеков алтын медаль жүлдегері атанды.

Сондай-ақ қыздар арасынан 60 келі салмақта Бақыт Құсақбаева да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы болып танылды.

Айта кетсек, осыған дейін 52 келі салмақта Назерке Азаматова және 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Айжан Жылқыбаева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанса, сондай-ақ ерлер арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов алтын медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!